Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда спорт алаңы ашылды

Қазалыда спорт алаңы ашылды

Kyzylorda-news.kz. Елбасының халыққа Жолдауында Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін артыру мақсатында Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырғаны көпке мәлім. Сонымен бірге қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет екенін де айтқан болатын.

Осы орайда Қазалы қаласындағы «Ардагерлер алаңының» ішіне және Ж.Жабаев көшесінің бойында орналасқан бұрынғы аурухана алаңына 32 дана спорттық тренажер құрылғыларын орнату үшін аудандық бюджеттен құны 10 миллион миллион теңге қаржы бөлінген. Аталған құрылғыларды орнату үшін мердігер мекеме – «Карат» ЖШС тиісті жұмыстар жүргізуде.
«Күнделікті осы алаңға ардагерлер жиналып, өткен-кеткенді сөз етіп бір жасап қалады. Енді олардың шама-шарқынша спорттық жаттығулар жасауға да мүмкіндіктері бар. Жастар үшін де жағымды жаңалық болды. Алаңға кез келген уақытта келіп, құрылғылар қызметін пайдалана алады», – дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Көланов.
Қала әкімі Рахметулла Ізтілеудің айтуынша, Ж.Жабаев көшесіндегі бұрынғы аурухана алдына да 16 дана спорттық тренажер құрылғысы орнатылуда. Толық аяқталғаннан кейін қаланың батыс беткейіндегі жастардың игілігіне берілмек.
07 тамыз 2019 ж. 326 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области