Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 16 спорт нысаны пайдалануға берілді

Қызылордада 16 спорт нысаны пайдалануға берілді

Биыл Қызылордада 16 спорт нысаны пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Сыр өңірінде еліміздің атын халықаралық аренада танытып, көк байрағымызды биікке көтеріп жүрген спортшыларымыз еркін дайындалатын спорттық нысандар көптеп салынуда.
Өткен жылы саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджеттен 7 кешен салынды. Атап айтар болсақ, Жанқожа батыр, Мəдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында жəне Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендері пайдалануға берілді.
Мемлекеттік-жеке меншік əріптестік аясында 2017 жылы облыс орталығындағы «Тарлан», «Мерей» мөлтек ауданы, Шиелі ауданындағы Ақмая, Алғабас ауылдарында спорттық сауықтыру кешендері іске қосылған болатын. Сондай-ақ былтыр Жалағаш ауданындағы Таң ауылында, Жаңақорған кенті мен Сүттіқұдық ауылы және Шиелідегі Бестам, Төңкеріс елді мекендерінде дене-шынықтыру сауықтыру кешендері ел игілігіне есігін айқара ашты.
«Бұл мақсаттағы жұмыстар биыл да жалғасын табатын болады. Ағымдағы жылы 22 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.


11 сәуір 2019 ж. 465 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области