Қазалыда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының көшпелі отырысы өтті
Қазалы ауданында облыс аумағындағы дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру мақсатындағы көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Жиынға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев және сала мамандары арнайы қатысты.
«Былтырғы жылы аймақ басшысының қолдауымен және басқарма басшысының ықпалыңымен орталық Жалаңтөс батыр стадионына 30,0 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар облыстық спорт басқармасы тарапынан 6 ауылға (Кәукей, Бекарыстан би, Түктібаев, Басықара, Жалаңтөс батыр, Жанқожа батыр) 4 спорт түрлерінен (күрес, тоғызқұмалақ, бокс, волейбол) жаттықтырушылар бөлінді. Нәтижесінде ауылдағы 400-ге жуық жастар спортқа тартылды», – дейді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.
Мәжіліс барысында Қызылорда облысы бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстарды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, аудан көлемінде 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов баяндады.
Жиын соңында мәжіліске қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, спорт саласындағы жетістіктерге ризашылықтарын білдірді.