Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда 3 млн теңгенің алкоголь өнімін заңсыз сақтаған кәсіпкер жазаланды

Жаңақорғанда 3 млн теңгенің алкоголь өнімін заңсыз сақтаған кәсіпкер жазаланды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында тиісті құжатсыз сыра өнімдерін сақтаған кәсіпкер жазаға тартылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары Жаңақорған кентінде алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерге салықтық тексеру жүргізді. Нәтижесінде оның жұмысынан бірқатар кемшіліктер анықталды.
«Тексеру барысында кәсіпкердің құны 3 млн теңгеге жуық сыра өнімдерін жүк құжатынсыз сатқаны және сақтағаны белгілі болды. Сыра өнімдерінің жалпы саны - 15980 дана. Осыған орай ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 82-бабына сəйкес құжат жиналды. Құжаттар шешім қабылдау үшін Жаңақорған аудандық сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.

26 тамыз 2019 ж. 310 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области