Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде заңсыз сотталған азаматқа 1 млн төленеді

Елімізде заңсыз сотталған азаматқа 1 млн төленеді

Kyzylorda-news.kz. Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылған елорда тұрғынына республикалық бюджет есебінен 1 млн теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық соты хабарлаған.

«2017 жылы құқыққорғау органдары азамат Б.-ға қатысты бес ай бойы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді. Және ол тергеу шараларына күдікті, айыпты ретінде қатысқан. Кейін сотталушы ретіне сотқа берілді. Салдарынан оның өзіне және отбасының мүшелеріне моральдық зиян келтірілді. Аудандық соттың үкімімен азамат Б. іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық заң бұзушылықтарды жасауда кінәсіз деп танылды. Оған қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылудан келтірілген зиян өтелуі тиістігі шешілді», - делінген қалалық соттың ақпаратында.
Мәлім етілгендей, ҚР Азаматтық кодексінің 923-бабы 1-тармақшасына сәйкес мемлекет елорда тұрғынына келтірілген зиянды толық көлемде өтеп беруге міндетті.
«Есіл аудандық сотының шешімімен республикалық бюджет есебінен азамат Б.-ның пайдасына 1 млн теңге көлеміндегі моральдық өтемақы төленеді. Шешімді орындау ҚР Қаржы министрлігіне жүктелді. Шешім заңды күшіне енді», - деді ведомстводан.
29 тамыз 2019 ж. 367 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области