Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы өсті

Қызылорда облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы өсті

Kyzylorda-news.kz. Алдын–ала деректер бойынша 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 62766,8 мың АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-шідемен салыстырғанда 2% көп, соның ішінде экспорт – 33899,7 мың АҚШ доллары (2 есе көп), импорт – 28867,1 мың АҚШ долларға (34,9% кем) жеткен.

Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 53,8%), минералды өнімдер – 38,2% (тұз – 34%, табиғи құмдар – 3,5%, мұнай өнiмдерi – 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 7,8% (күріш – 4,7%, жас немесе мұздатылған балық 1,8%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 42,1%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 18,5%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 13,6%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 11,3%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 4,1%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4%, минералды өнімдер – 2,6% әкелінді.
17 қыркүйек 2019 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области