Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының ЕАЭО мүше елдермен өзара саудасы

Қызылорда облысының ЕАЭО мүше елдермен өзара саудасы

Алдын-ала деректер бойынша 2019 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 22 459 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап.

Алдын-ала деректер бойынша 2019 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 22 459 мың АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылғы қаңтарына қарағанда 4,5 есе көп, оның ішінде экспорт 20145,7 мың АҚШ доллар (8,1 есе көп), импорт – 2313,3 мың АҚШ доллар (7,9%- ға аз).
«Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 90,1%), минералды өнімдер – 8,1% (тұз – 7,3%, табиғи құмдар – 0,8%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 1,8% (күріш – 1,5%, жас немесе мұздатылған балық 0,3%) құрады» - делінген департаменттің ақпаратында.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 52,1%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 17,5,%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 14,7%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 4,9%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 3,7%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 3,4%, минералды өнімдер - 0,1% әкелінді.
15 наурыз 2019 ж. 439 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области