Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда «Sulpak» гипермаркеті ашылды

Аралда «Sulpak» гипермаркеті ашылды

Kyzylorda-news.kz. Арал қаласынан ең ірі сауда маркасының бірі «SULPAK» гипермаркеті ашылды. Сауда нүктесінің тұсаукесеріне аудан жұрты көптеп жиналды.

Нарықта 25 жыл бойы көш бастап келе жатқан танымал электроника және тұрмыстық техника сататын «SULPAK» гипермаркетігінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, көпшілікті жаңа сауда орталығының ашылуымен құттықтай келе «Sulpak» гипермаркетін аудан орталығынан ашуға, жерлестері үшін беделді дүкеннің тауарларын тұтынуға, жалпы ірі жобаны жүзеге асыруға ат салысқан жергілікті кәсіпкер Жұбаныш Аманжоловқа ризашылығын білдіріп, кәсібіне береке тіледі. Сонымен қатар, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ауданның құрметті азаматы, ардагер-журналист Шәкірат Дәрмағамбетов те игі бастамаға ізгі лебізін жолдады.
Одан әрі шара барысында «Sulpak» компаниясының Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша директоры Юрий Голотюк те сөз алып, аралдықтарды Қазақстан бойынша ашылған 122 дүкеннің ашылуымен құттықтай келе бүгіннен бастап 4 күн бойы арнайы жеңілдіктер болатынынын жеткізді.
Атап өту қажет, жалпы алаңы 1200 шаршы метр болатын гипермаркет Қызылорда облысы бойынша ең үлкені саналады. Мәжіліс залы, қауіпсіздік бөлмесі, қойма, асхана орналасқан ғимаратта «Хоумкредит», «Каспий», «Еуразиялық» банк өкілдері қызмет көрсететін болады. Келушілерге барлық талаптарға сай жағдай жасалған.
Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 30 аудан тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтығалы отыр. Қызметкерлерге төленетін төменгі айлық жалақы мөлшері 90 мың теңге болып белгіленген.


10 қазан 2019 ж. 340 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области