Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Жаңғырған ауыл» жобасы басталды

Қызылордада «Жаңғырған ауыл» жобасы басталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында Бесарық ауылдық округінде экскурсия болып өтті. Оған «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері мен облыстық ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, белсенді мүшелері және республикалық, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Экскурсияның мақсаты Елбасының «Жаңғырған ауыл» жобасы негізінде жастарды ауыл тынысымен таныстыра отырып, ауылшаруашылығы мамандығының имиджін арттыру болып табылады.
Экскурсияға қатысушылардың алғашқы қадамы ауылдық округтің мұражайынан бастау алды. Мұражайда сақталған көне экспонаттарды аралап, олардың пайда болу тарихынан мәлімет алды. Сонымен бірге, білім ошағы мен округтің Мәдениет үйіне тоқтап, «Әжелер» ансамблінің өнерін тамашалады.
Айта кету керек, Бесарық ауылы – бүгінде гүлденген, әлеуеті зор, ауылшаруашылығы жанданған берекелі жерге айналған. Ауылдың қарыштап дамуына «Абай-Дәулет» ЖШС көп салалы ауылшаруашылығы компаниясы өз үлесін қосып келеді. Компания кластерлік экономика бағытын ұстанып, күріш өндірісі, қой, түйе, бал мен бақша шаруашылығын алға қойған. Экскурсия аясында облыстық ҚХА құрылымдарының мүшелері ырысы шалқыған компанияның жұмыстарымен етене танысып, алдағы жұмыстарына сәттілік, береке тіледі.



17 қазан 2019 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области