Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара тауарлар саудасының көлемі белгілі болды

Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара тауарлар саудасының көлемі белгілі болды

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық арнайы экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1,3%-ға көп, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Оның ішінде экспорт 36256,7 мың АҚШ долларын (1,9 есе көп), импорт – 33154,8 мың АҚШ долларын (33%-ға кем) құрады.
Облыс экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 50,3%), минералды өнімдер – 40,8% (тұз – 36,1%, табиғи құмдар – 4%, мұнай өнiмдерi – 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 8,8% (күріш – 5,2%, жас немесе мұздатылған балық 1,8%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 44,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 16,8%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 13,3%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 10,3%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 4,4%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,5%, минералды өнімдер – 2,5% әкелінді.

Қызылорда облысының ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы
мың АҚШ доллары
2019 жылғы қаңтар-тамыз2018 жылғықаңтар-тамыз%
Барлығы69 411,568 546,5101,3
экспорт36 256,719 076,41,9 есе
Ресей34 253,316 908,12 есе
Беларусь251,8301,583,5
Кырғызстан1 751,61 866,793,8
импорт33 154,849 470,167,0
Ресей31 779,248 420,665,6
Беларусь921,6878,3104,9
Кырғызстан454,0171,22,7 есе
17 қазан 2019 ж. 258 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области