Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада этномәдени бірлестік өкілдері экологиялық акцияға қатысты

Қызылордада этномәдени бірлестік өкілдері экологиялық акцияға қатысты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық балалар ауруханасының аумағы 200-ден аса тал көшетімен толықты. Қаланың аумағын жасыл желекпен көмкеру бастамасына мұрындық болған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы.
«Қайырымдылық керуені» жобасы аясындағы күзгі тал егу экологиялық акциясына этномәдени бірлестік өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері және журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері белсенді атсалысты.
Маңызы жоғары акция аясында спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар гір тасын көтеру, арқан тартыс, қол күресінен сынға түсті.
Әсіресе, арқан тартыстан қыздар арасындағы сайыс өте қызықты болды. Бұл жарыста облыстық балалар ауруханасы Пульмонология бөлімшесінің қыздары мықтылығын көрсетіп, бірнеше бөлімді жеңіп шықты.
Оқ бойы озып шыққан мықтылар сайыс соңында марапатталды.




21 қазан 2019 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области