Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 27 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

27 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін жұмсақ аю ойыншықтардың мерекесі
Ол ХХ және ХХІ ғасырлардағы ең танымал ойыншықтардың бірі. Батыс Еуропа мен Америкада ол Теодер Рузвельттің есіміне ұқсас Тедди атымен аталады. 1902 жылы президент америкалық қара аюға жанашырлық танытқан-ды. Рузвельт ағашқа байланған аюды келіп атуға шақырту алады. Алайда ол оны атудан бас тартып, мұны басқа біреулерге тапсырады. Мұндағы мақсаты — қиналып жатқан аюды құтқару болатын.
Бұл оқиға туралы газет беттерінде жазылып, түрлі карикатура пайда болды. Уақыт өте келе ол кішкене сүйкімді аюға айналды. Оқиғаның мән-жайы уақыт өте келе бұлыңғырланып ұмытыла бастады. Бірақ Теддидің аюды атудан бас тартқаны жұрттың есінде қалды.

Дүниежүзілік аудиовизуалдық мұра күні
ЮНЕСКО Бас конференциясының 33-сессиясында осы ұйымға мүше-мемлекеттер 27 қазанды Дүниежүзілік аудиовизуалдық мұра күні деп жариялау туралы шешім қабылдады. Бұл «экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың, білім берудің, ғылыми ілімнің және түрлі ұлттар мен қоғамдастықтардың мәдениеттері алуандығы ілгерілегенінің, сондай-ақ табиғат пен бүкіл жер-жаһанның дамығанының» дәлелі деп атап көрсетілді.

1953 жылы Мойынты — Шу темір жолы іске қосылды.

2005 жылы Елбасы Татарстанның сол кездегі президенті Минтимер Шаймиевке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті.

2008 жылы Швейцарияда әлемдегі бірінші жерасты метросы ашылды.

2015 жылы Айдын Айымбетов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ресми елшісі атанды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов ғарышкерге тиісті сертификатты табыс етті. Бұдан басқа, Айымбетовке ғарыш кемесі металынан дайындалған сағат берілді, онда «Қазақстан, Байқоңыр, Союз ТМ-18М» деген жазу бар.

2018 жылы Қызылордада «Шалқия цинк» АҚ тау-кен байыту комбинатының іргетасы қаланды.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары А.Айдарбаев Сыр өңіріне сапары барысында Қызылорда облысының сол уақыттағы әкімі Қ.Көшербаевпен бірге «Шалқия» кен орнындағы кен байыту комбинатының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Сапар барысында Қызылорда облысы әкімдігі, «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ және «Доберсек» неміс компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
27 қазан 2019 ж. 390 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области