Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда 10 мың клиенті бар есірткі сататын 32 телеграм-чат анықталды

Қазақстанда 10 мың клиенті бар есірткі сататын 32 телеграм-чат анықталды

Kyzylorda-news.kz. Есірткімен айналысқан 5 қылмыстық топтың әрекетіне шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл басынан бері есірткіге қатысты 1878 қылмыс тіркелді. Оның ішінде есірткіні өткізу бойынша 1118 жағдай, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 323 жағдайы анықталды. 19 тонна әртүрлі есірткі түрі тәркіленді. Оның 19 келісі – героин, 370 келісі наша 9 келісі синтетикалық есірткілер. 5 қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық жауапкершілікке сондай топтардың 5 жетекшісі мен 32 қатысушысы тартылды», - деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Департамент бастығының айтуынша, қазіргі уақытта Қаржы министрлігімен бірге 1400 абоненттің төлем жүйесі тексеріліп жатыр.
«Клиенттік базасы 10 мың адамнан тұратын 32 телеграм-чат анықталды. Олардың әкімшілеріне қатысты қазіргі уақытта жедел шаралар қабылдануда. Синтетикалық есірткі таратқан 5 сайт бұғатталды. Ресейдің Ішкі істер министрлігіне біздің аумақта есірткі тарату үшін пайдаланылған 230 ресейлік нөмірді тексеру туралы өтінім жіберілді. Қазіргі таңда синтетикалық есірткінің айналымына қатысты 262 қылмыстық іс қозғалды. 85 азамат ұсталып, олардан 9 келі синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді ол.

01 қараша 2019 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области