Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мектеп оқушысы Президенттен «қажетсіз» пәндерді алып тастауды сұрап хат жазды

Мектеп оқушысы Президенттен «қажетсіз» пәндерді алып тастауды сұрап хат жазды

Kyzylorda-news.kz. Алматылық мектеп оқушысы мемлекет басшысына хат жазып, балаларға демалуға уақыт беруді сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сондай-ақ, ол мектеп бағдарламасынан "қажетсіз" пәндерді алып тастауды өтінді.
Президентке хат жолдаған Ғалымжан есімді оқушы бірінші оқу тоқсанынан кейін балалар аз демалатынын айтып, каникулды 10 күнге дейін ұзартуды сұрады.
Одан бөлек, жеткіншек қиын әрі "қажетсіз" сабақтарды, атап айтқанда, "Жаратылыстану" мен "Өлкетану" пәндерін алып тастауды өтінді.
Ғалымжан бұл сабақтардың орнына мектепте балаларға арналған тегін спорт секцияларын ашу қажет деп есептейді.
Барлық талаптарын хатқа түсірген мектеп оқушысы енді президенттің жауабын асыға күтуде.
Баланың ата-анасы мемлекет басшысына хат жазу туралы шешімді Ғалымжанның өзі қабылдағанын айтады. Ал пікірін қағаз бетіне түсіруге ағасы көмектесіпті.
Нәтижесінде мектеп оқушысының жолдауы желіде пайда болды.

06 қараша 2019 ж. 309 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области