Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 12 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

12 қараша: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні
Күнтізбеде балалар пневмониясына қарсы күрес күні Ғаламдық коалицияның арқасында пайда болды. Халықаралық, үкіметтік, үкіметтік емес және жергілікті ұйымдардың, ғылыми-зерттеу және білім алу институттарының, қорлардың және белсенді азаматтардың бірлестігі осылай аталады.

Әзербайжан Конституциясы күні
Республиканың Негізгі заңы 1995 жылғы 12 қарашада қабылданған, сол күні тәуелсіз Әзербайжанда тұңғыш парламенттік сайлау өтті. Конституция күнін бекіту туралы шешім 1996 жылғы 6 ақпанда қабылданды.

1960 жылы Алматыда қазақтың ұлы ақыны Абайға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болды.

1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетін құру туралы», «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауапқа тартылғандарды ақтау туралы» Жарлықтарға қол қойды.

1993 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» №1399 Жарлығы шықты. Оған сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы ескі сом ақшаны 1 теңгеге 500 рубль бағамымен айырбастау құқығына ие болды. Бірақ бір адам тек 100 мың рубль алмастыра алатын, яғни әрбір қазақстандық қолма-қол ақшамен тек 200 теңге алатын еді. Теңгенің бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге етіп белгіленді.

1995 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының наградалары туралы» заң күші бар Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы ең жоғары дәрежелі «Алтын қыран», «Айбын», «Достық» ордендері бекітілді.
«Алтын қыран» орденімен республикаға ерекше еңбек сіңірген азаматтар, ал «Айбын» орденімен ҚР Қарулы Күштерінің, Республикалық Ұланның, Президент күзеті қызметінің, Шекара және Ішкі әскердің әскери қызметкерлері, сондай-ақ Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер қызметкерлері әскери даярлықта қол жеткізген жетістіктері, әскери жаңа техниканы игергені, заңды, қоғамдық тәртіпті бұлжытпай сақтағаны, халық мүддесін қорғаудағы адалдығы, т.б. үшін, «Достық» орденімен елдегі қоғамдық келісімді сақтауға, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталады.

1995 жылы ақындар Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырза Әліге «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

1997 жылы Қазақстан Республикасының «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңына қол қойылды.
12 қараша 2019 ж. 431 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области