Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда қалқымалы көпірдің жылжып кетуінен жол қатынасы үзілді

Аралда қалқымалы көпірдің жылжып кетуінен жол қатынасы үзілді

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы аумағындағы Сырдария өзені үстінен өтетін қалқымалы көпірдің орнынан жылжып кетті. Салдарынан үш елді мекенге жол қатынасы тоқтап тұр.
Сырдария өзені арқылы Қазалы ауданы аумағынан қалың сел тосыннан келіп, Қызылжар, Хан елді мекендері тұсында орналасқан қалқымалы көпірлердің шынжыры үзіліп кеткен. Көпір Хан ауылы тұсында 600, Қызылжар тұсында 1500 метрге дейін жылжып кетті. Салдарынан Аманөткел, Жаңақұрылыс, Қызылжар елді мекендеріне жол қатынасы тоқтап қалды.
«Қазіргі таңда Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпір орнына қойылып Жаңақұрылыс, Аманөткел елді мекендеріне жол қатынасы ашылды. Ал Қызылжар елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірді орнына қоюға әзірге мүмкіндік жоқ. Себебі, дария бойында мұз байқалады. Төтенше жағдай уақытында қалқымалы көпірлердің дария бойымен ағып кетпеуіне және қайта қалпына келтіруге Қызылжар, Жаңақұрылыс, Аманөткел елді мекенінің тұрғындары және округ басшылары ұйымшылдықпен атсалысты», - дейді Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Тасқынбаев.
25 қараша 2019 ж. 298 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области