Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2020 жылдан бастап ломбард қызметіне өзгерістер енеді

2020 жылдан бастап ломбард қызметіне өзгерістер енеді

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі істер министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеп, бекітті. Онда ломбардта заттарды сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды анықтау тәртіптері көрсетілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ломбардтық ұйымдар микронесиелеу ұйымдарына санатына жатқызылады. Осы қағидаларға сай, ломбардтар несие бюросына барлық кепілдік мүлік туралы мәлімет беруге міндеттеледі. Ал полиция бөлімшелеріне жымқырылған мүлік пен қойылған кепіл нысанын тексеру үшін осы бюро қолжетімді болады», - деді ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің басқарма бастығы Нұржан Рахметуллаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
ІІМ өкілінің айтуынша, ұрланған заттардың көбі (зергерлік бұйымдар, тұрмыстық техникалар) ломбардтарға өткізіледі. Міне, сол себепті, Ішкі істер министрлігі ұрлық жағдайларын ауыздықтау үшін ломбардтарға өткізілген заттарды тексермек.
12 желтоқсан 2019 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области