Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мамандар пиротехникалық бұйымдарды неге қарға қадап атуға болмайтынын түсіндірді

Мамандар пиротехникалық бұйымдарды неге қарға қадап атуға болмайтынын түсіндірді

Kyzylorda-news.kz. ТЖД Төтенше жағдайлардан болатын тәуекелдерді азайту мен азаматтық қорғаныс саласын бақылау Алматы облыстық басқармасының басшысы Айдос Нүсіпбаев пиротехникалық бұйымдарды дұрыс қолдану ережелерімен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«14 жасқа дейінгі балаларды петарда-ракета атуға жақындатпау керек. 50 метрге дейінгі қашықтықта кедергі болатын заттар жоғына көз жеткізу керек. Қорапқа үңілуге, фитильді қол созым жерден жағуға тыйым салынады. От жаққан соң қауіпсіз қашықтыққа шығу керек. Жел қатты соғып тұрған кезде салют атуға, салют жарылмған жағдайда қасына барып қайта тұтатуға болмайды. Себебі, бірнеше уақыт күту керек. Көбінесе адамдар осындай қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан жарақат алып қалады», - деді Айдос Нүсіпбаев.
Көптеген адамдардың пиротехниканы қолына ұстап тұрып ату жағдайлары жиі кездеседі.
«Тек Бенгал шамшырағын ғана қолмен ұстап атуға болады. Калибрі 1 см-ден жоғары бұйымдарды қолға ұстауға болмайды. Оларды жерге арматура қадап немесе арнайы қоршауға байлап атқан дұрыс. Көп адамдар тек қарға қадай салады. Бірінші рет дұрыс атылғанымен, салют қисайып кетсе, траекториясы бұзылып, көліктерге, адамдарға тиюі мүмкін», - деді «Қазсалют» ЖШС бас менеджері Нұрлан Қазбеков.
13 желтоқсан 2019 ж. 251 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области