Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы Назарбаев мектебіне судья мен сот қызметкерлері не үшін келді?

Қызылордадағы Назарбаев мектебіне судья мен сот қызметкерлері не үшін келді?

Kyzylorda-news.kz. Оқушылардың әлеуметтік желіні пайдалану ережелері мен жазба этикасы туралы ақпарат беру мақсатында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мамандарымен кездесу өтті.Кездесуде судья Қайратбек Бержанов пен мекеменің бас маманы Дәурен Тайыров жас жеткіншектерге ғаламтордың зияны мен пайдалану ережелерін бұзу салдарынан заң шеңберінде жазаланатын әрекеттерді саралап берді.
«Бір-бірін қорлау, ар-намысына тиетін сөздер айтса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жалған ақпарат таратқан жағдайда да азаматтар заң шеңберінде жазаланады», – деді судья Қайратбек Бержанов.
Сондай-ақ, сот өкілдері интернет кеңістігіндегі кейбір ақпараттың пайдаланушыларға тигізетін зияны туралы тереңірек түсінік беріп, хат алмасу мессенджерлеріндегі теріс топтардың тұтқынына түспеуге кеңес берді. Сонымен қатар, күмән тудырған хабарламалар туралы ата-аналарды хабардар етіп, қауіп-қатерлерді алдын алудың маңызды екенін ескертті.
Кездесу барысында кәмелет жасына жетпеген балалардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруі, компьютерлік ойындарға құмарлығы секілді өзекті мәселелер туралы да сөз қозғалып, келелі кеңестер берілді.
17 қаңтар 2020 ж. 198 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области