Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдері басшыларын тағайындау мен қызметінен босату талаптары өзгерді

Елімізде аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдері басшыларын тағайындау мен қызметінен босату талаптары өзгерді

Kyzylorda-news.kz. Биылдан бастап білім басқармасы басшыларын тағайындау және босату тәртібі өзгерді. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты.
2020 жылдан бастап білім басқармасы басшыларын тағайындау және босату тәртібі өзгертілді. Өйткені 2019 жылғы 27 желтоқсанда президент Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойған болатын.
Енді жаңа заңға сәйкес аудандық және қалалық білім бөлімдері облыстарға берілмек. Сондай-ақ білім беру бөлімдерін беру заңды тұлғаның мәртебесін сақтай отырып жүзеге асырылады.
«Биылдан бастап басшыларды тағайындау және босату ҚР білім және ғылым министрлігінің келісімі бойынша жүзеге асырылатын болады. Өз кезегінде білім басқармалары министрліктің келісімі бойынша білім бөлімдерінің бірінші басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады. Ал аудандық және қалалық білім беру басқармаларының басшыларын тағайындау облыстық басқармамен келісіледі», - дейді Бибігүл Асылова.
Бұл ретте аудан әкімдігінің келесі құзыреті сақталады:
• жетім балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;
• түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
• ауылдарда білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
• оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру мәселесін қарастыру.
Сондай-ақ, жеке меншік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру рәсімі өзгереді.
Оның айтуынша, жаңа заң арқылы білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарын қаржыландыруды аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауыстыруды көздеп отыр.
«Білім беру ұйымдарын қаржыландыру өңірлердегі облыстық бюджеттен тікелей бөлінеді. Ал аудандық, қалалық білім бөлімдерін дербес заңды тұлға ретінде қаржыландыру жалғасады. Бірақ барлық бюджеттік қаражатты реттеу жұмыстары орталықтандырылып, облыстық бюджеттен жүзеге асады. Қазір барлық деңгейде - мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғарғы білім беруде жан басына шаққандағы нормативті қаржыландыру жүріп жатыр. Бұл білім беру ұйымдарындағы қаржыландыру процесін оңтайландырады және білім беру сапасын жақсартады», - дейді вице-министр.
21 қаңтар 2020 ж. 190 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области