Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қатерлі ісікті емдеудің оңтайлы тәсілі анықталды

Қатерлі ісікті емдеудің оңтайлы тәсілі анықталды

Kyzylorda-news.kz.Ұлыбританияның Кардифф университетінің ғалымдары иммундық жасушалардың құрамында кездесетін жаңа рецепторлардың түрін тапты. Оларды өз кезегінде қатерлі ісікті емдеудің күшті құралы ретінде пайдалануға болады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ғалымдар Т-жасушаларының ішінде болатын Т-рецепторларын анықтау үшін CRISPR-Cas9 жүйесін қолданыпты. Бұл рецепторлар ағзаға қорғаныш қызметін атқаратын HLA лейкоцитарлы антигені секілді ықпал ететін көрінеді. Антигенмен салыстырғанда аталған рецепторлар обыр жасушаларын анықтау қабілетіне ие, дегенмен саны мен таралуы жөнінен HLA-ден қалып қояды.
Тәжірибе барысында Т-рецепторлары өкпе, тері, тоқ ішек, сүт безі, қуықасты безі, сүйек және ерлердің жыныс бездерінің ракқа шалдыққан жасушаларының көзін қарқынды түрде жоя алатындығы айқындалыпты. Кеміргіштерге жүргізілген зерттеу Т-рецепторлары қолданылған терапия олардың обыр дертінен кейін әлдеқайда ұзақ өмір сүргендігін аңғартты.
Мамандар адамдар арасындағы қатерлі ісікті айтылған тәсілмен емдеу осы жылы қолға алынады деп үміттеніп отыр. Сөздерінше, бұл терапия рактың қандай түрлеріне қарсы оң әсер ете алатындығын толықтай зерттеу керек.
25 қаңтар 2020 ж. 234 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области