Мемлекеттік қызметшілерге заң талаптары түсіндірілді
Kyzylorda-news.kz. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бас қосты.Онда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы М.Әбдікерова өзгерістер түсіндірсе, департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ә.Амангелдиев мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.