Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада студенттік жатақханалардың жағдайы жан-жақты талқыланды

Қызылордада студенттік жатақханалардың жағдайы жан-жақты талқыланды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.Онда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің үшінші бастамасы соның ішінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттік жатақханаларының талапқа сәйкестігі комиссия мүшлерімен жан-жақты талқыланды.
Жиынды ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова партиялық бақылау комиссиясы жаныннан жасақталған арнайы топ бұған дейін өңірдегі оқу орнындарының студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізіп бірқатар кемшіліктерді анықтағанын атап өтті.
Мәселен, Қорқыт ата университетінің №1 студенттік жатақханасы күрделі жөндеуді қажет етеді. Студенттердің жатын орындары белгіленген нормативтік талаптарға сай емес. Студенттерге арналған компьютерлік залы толық жабдықталмаған. Жатақханадағы 345 студентке 3 компьютер ғана бөлінген. Сонымен бірге өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері де сақталмаған. Жатақхананың бірінші қабаттағы қосымша сыртқа шығу есіктері шегемен бекітіліп тасталған.
«Тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының 50 жатын орынға арналған жатақханасында медициналық пунктпен қамтамасыз етілмеген, қазіргі таңда онда орласқан 21 студент үшін не оқу залы, компьютерлік кабинеттер мүлдем жоқ. Мұндай кемшіліктер Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледж жатақханасында анықталса, Сырдария аграрлық-техникалық колледж жатақханасының кіреберісіндегі пандустар талапқа сай келмейтіндігі, Жалағаш индустриалды - аграрлық колледж жатақханасында медициналық пунктің жоқтығы және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж жатақханасының күрделі жөндеуді қажет ететіндігі анықталып отыр», - деді Ақмарал Әлназарова.
Жиын барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша оқу орындары мен тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, оларды қалыпқа келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

03 ақпан 2020 ж. 223 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области