Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Вьетнам соғысының ардагері қоғамдық қабылдауға келді

Вьетнам соғысының ардагері қоғамдық қабылдауға келді

Kyzylorda-news.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев Жосалы кентінде қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов әлеуметтік мәселемен жүгінді. Вьетнам соғысына қатысқан жалғыз қазақстандықтың өтінішін тыңдағаннан кейін, Н.Талқанбаев ардагердің өтінішіне қатысы бар құзырлы мекемелердің басшыларын қоғамдық қабылдауға шақырды. Төраға Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысымен және амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухананың бас дәрігерімен қарияның мәселесінің шешілу жолдарын жан-жақты талқылап, ардагерге өтінішіне байланысты заңды шешім қабылданатынын айтты.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының қабылдауына келген амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық аурухананың психологы А.Нұрмағамбетова мемлекеттік қызметке орналасудың талаптары туралы толық мәлімет беруді сұрады. Департамент басшысы азамат А.Нұрмағамбетованың сауалына толыққанды мағлұмат беріп, мемлекеттік қызметші атанудың талаптарын түсіндірді.
«Өткен жылы, Кеңес төрағасы және мүшелері, облыс орталығы мен аудандарда өткен қоғамдық қабылдауларда түрлі мәселелерімен 356 азаматты қабылдады. Кеңес мүшелерінің көмегіне жүгінушілердің сауалдарына жауаптар беріліп, арыз-шағымдарына заңнамаларға сәйкес тиісті шешімдер қабылданды. Алдағы уақытта Агенттіктің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің елді мекендердегі жеке қабылдаулары өз жалғасын табады», - деді Н. Талқанбаев.
28 ақпан 2020 ж. 247 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области