Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салынады

Оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салынады

Kyzylorda-news.kz. Елімізде мектепте оқу кезінде смартфондарды, планшеттерді пайдалануға тыйым салу енгізілуі мүмкін. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Білім беру ұйымдарында түрлі гаджеттерді (смартфондарды, планшеттерді және т.б.) пайдалануға тыйым салуды енгізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау бүгінгі күні осындай шараларды іске асыру үшін құқықтық жағдайлар іс жүзінде бар екенін (8 өңірде кәдімгі кнопкалы телефондар пайдаланылады) көрсетті. Сонымен қатар, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының смартфондарды пайдалануына тыйым салуды жалпы білім беретін мектептерде оқу орнының ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелері және білім беру қызметін көрсету шарттары аясында реттеу жоспарлануда», - деп атап өтеді Асқар Мамин.
Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының атына жолдаған сауалдарында ұлттық ақпараттық кеңістіктің үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және ақпараттық ортада балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жөнінде мәселе көтерген болатын.
06 наурыз 2020 ж. 170 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области