Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада кәмелетке толмағандардың құқығы – басты назарда

Қызылордада кәмелетке толмағандардың құқығы – басты назарда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өткізілді.
Онда атлған соттың бас маманы Д.Тайыров «Медиация туралы Заңының талаптарын кәмелетке толмағандардың істері бойынша қолдану ерекшеліктері» тақырыбында семинар сабағын өткізді. Шараға кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлері қатысты.
Бас маман Д.Тайыров өз баяндамасында кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін құқықтық қатынастарда бейтарап реттеуде медиациялық жүйенің орны ерекше екендігін айтып өтті.
Атап айтқанда, медиатор кәмелеттік жасқа толмағандарды сотты болудан сақтап, тараптар мәселелерінің дұрыс шешілуіне жағдай жасайды. Екі жақтың ұстанымы мен мүдделерін түсінуін тырысып, олардың басқа ниеттерден арылып, күрделі мәселе түйінінің шешілуін жолын реттейді. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты олардың тұрғылықты жерін анықтау, кездесу уақытын белгілеу, алимент мөлшерін азайту туралы дауларды медиатор көмегімен шешу шаралары жөнінде толық түсіндіріп айтты.
Семинарға қатысушы кеңсе қызметкерлері өз ойларын талқыға салып, пікірлерін ашық білдірді.
08 сәуір 2020 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области