Сәулет Сахиев: Бірлігіміз бен татулығымызды танытатын сәт

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұстан бірнеше жетістіктерге жетті. Халықаралық ұйымдардың мүшесі болып, оларды әр кезеңдерде басқарды. Сыртқы және ішкі саясаттын өз деңгейінде жүргізіп, шикізат қоры мол ел болып табылатынымыз туралы мақалада нақты айтылды. Бірақ бұл байлық пен елдің жағдайын әріқарай ұстап тұру реті тәуелсіздіктің құрдастары болып табылатын жас буында екенін Елбасы нақты баяндады. Әрине болашақ жастардың қолында екені белгілі. Сол себепті жастар жауапкершілікті қазірден бастап түсініп, билікке араласып, елдің жан жақты дамуына өз үлесін қосқандары дұрыс. Бұл жұмыстар жүріп жатқаны белгілі. Алайда, қазіргі ахуал жастарды шыңдауы қажет.
Өйткені бұл Әлемдегі пандемия адамзаттың түрлі жағдайларға дайын болуын қажет етеді. Сонымен бірге, Елбасы қазіргі экономикалық жағдайларға да тоқталып өтті. Оның ішінде шикізат мәселесіне. Себебі мұнай бағасының түсуі және т.б. өзгерістер ел экономикасына әсер ететіні белгілі. Осы ретте, Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің көрегендік саяси талдауымен ел экономикасына қажетті кіріс көзін әртараптандыруға шақырды. Соның ішінде ауылшаруашылығына аса зор мән берді. Біздің Тұңғыш Көшбасшымыз өзінің мақаласы арқылы әрдайым елмен бірге екенін көрсетті. Мақала өз кезегінде біздің қазіргі таңда қандай бағытта және қандай ұстанымда болуымызға бағыт бергендей.
Сәулет САХИЕВ,
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының "Ақпараттық-талдау орталығы" КММ директоры
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының "Ақпараттық-талдау орталығы" КММ директоры