Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚИРЕКТЕ ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

АҚИРЕКТЕ ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ


    Атқарушы билік өкілдерінің халық алдындағы есебіне сәйкес, Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Ақирек ауылдық округінде есеп берді.
    Жергілікті тұрғындар мен атқарушы билік арасында өткен басқосуда ең алдымен Ақирек ауылдық округінің әкімі А.Ниязымбетовтің және ауылдың қылмыстық ахуалына тікелей жауапты учаскелік полиция инспекторының баяндамалары тыңдалды.
    Байқағанымыздай, өткен жылда округ бойынша атқарылған шаруа аз емес. Мәселен, кәсіпкерлік саласына ден қойған жеке кәсіпкер Г.Әлібаева «Өңірлік инновациялық орталық» арқылы құс асырау бағытында 16 млн теңге несие алып, құс фермасының құрылысын салып, электр жарығын және ауыз су жүйесін жүргізіп үлгерген. Ағымдағы жылы жұмысын бастауды жоспарлап отыр.
    Мал шаруашылығы бағытындағы бағдарламаларға келсек, жеке кәсіпкер М.Еңсепов «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы 1,5 млн теңге несие алып, 1 бас асыл тұқымды бұқа, 8 бас аналық сиыр алған. Осы орайда, жалпы 270 теңге көлеміндегі субсидияға қол жеткізген. Бұған қоса, жеке кәсіпкер Б.Төлеген 2 млн теңге несиеге 1 бас асыл тұқымды бұқа, 10 бас сиыр алып жұмыстарын бастауда. Ал, «Ақпан», «Сәуел», «Тағыберген» сынды шаруа қожалықтарды барлығы 90 басты құрайтын сиырлардың әрқайсысына 10 мың теңгеден 900 мың теңге субсидия алса, «Құлан» бағдарламасы бойынша «Тағыберген» шаруа қожалығы асыл тұқымды 2 айғырға 200 мың субсидия алған.
    Егін шаруашылығына келер болсақ, өткен жылы 1169 тонна бақша өнімдері, 15,5 тонна асқабақ, 88 тонна кортоп, 300 тонна күнбағыс өнімдері өндірілген. Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен Бекбауыл, Бекназар, Приарал, Көне Меңдібай, Қайролла каналдарының техникалық құжаттары толық жасалған.
    «Транс Телеком» АҚ арқылы телефон, 55 үйге жоғары жылдамдықта интернет жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, салық және басқа төлемдерден түскен қаржы бойынша қауымдастық жиналысының шешімімен «Тағзым алаңы» қайта салынып, ауылдың кіре беріс қақпасында ауылдық округ паспорты қайта жазылды, әкімшілік ғимараттың алдына 40 шаршы мерт брусчатка тастары төселіп, ұялы байланыс мұнарасы да қоршалған.
    Мінекей, осындай ілкімді істердің ұйытқысы болған Ақирек ауылдық округінің тұрғындары одан әрі аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың есебіне қанықты. 2017 жылы атқарылған негізгі жұмыстар тізбектеліп, алға қойған нақты жоспарлар баяндалды.
    Жұртшылықпен өткен ашық диалог аясында талап-тілектер де назардан тыс қалмай, тиісінше жауаптар беріліп, тұрғындар есепке оң бағасын берді.

23 қаңтар 2018 ж. 857 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области