Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда түрмелерінде де қауіпті індетке қарсы шаралар күшейтілді (ФОТО)

Қызылорда түрмелерінде де қауіпті індетке қарсы шаралар күшейтілді (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған.
Атап айтқанда, мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеп жатқандардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дезинфекциялық шараларды күнделікті жүргізіп келеді.
Сондай-ақ, карантиндік режим қатаң сақталынып, ішкі және сыртқы аймақтар дезинфекциялануда. Жатақхана, өндірістік орындар, асханада санитарлық жұмыстар міндетті түрде күнделікті жүргізіледі.
Ғимараттың іші-сырты тазартылып, бөлмелер желдетіліп, қызметкерлер мен сотталғандардың үнемі медициналық бетперде тағуы қатаң қадағаланған.
Сонымен қатар, мекеме дезинфекциялау мақсатында тоннель компрессорге қосылды. Бұл дезинфекциялау тоннелі мекеменің бақылау өткізу алдына орнатылды.
Мекемеге келушілер тоннель арқылы өткен соң, мекеме ішінде де,сыртында да қауіпсіз қалыпта болады.

15 сәуір 2020 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области