Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта полицейді балағаттаған тұрғын ұсталды

Жалағашта полицейді балағаттаған тұрғын ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында полицейлерді балағаттаған тұрғын ұсталды.
Жалағаш ауданында облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға тіл тигізген. 14 сәуір сағат 22:30 шамасында Бұқарбай батыр ауылының тұсында орналасқан санитарлық бекетте «Toyota-camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерлері Жалағаш кентіне кіруге рұқсат бермейді.
Осы сәтте көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерін балағаттап, заңды талаптарына бағынбай, полицейлердің бірінің аяғын көлігімен басып өтіп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жалағаш ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттері нәтижесінде билік өкілін қорлаған азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Бұл азаматқа қатысты карантин режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік іс қозғалып, аудандық сотқа жолданды.
Жалағаш аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы екі тәулікке қамаққа алынды. Одан бөлек, билік өкілін қорлау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен (билік өкілін қорлау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда күдіктіні қолхатпен босатқан.
16 сәуір 2020 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области