Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛДАУ БАҒЫТЫН ТҮСІНДІРУДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР

ЖОЛДАУ БАҒЫТЫН ТҮСІНДІРУДЕ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР


     Бүгін өңірлік коммуникация орталығында баспасөз конференциясы өтіп, онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов  өткен жылы салада атқарылған жұмыстарды саралады. Басшы мен БАҚ өкілдерінің кездесуінде мен Елбасы Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер жайлы кеңінен айтылды.
       Департамент басшысы БАҚ өкілдерімен кездесуде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауының тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі жайлы айтылғандығына тоқталды.
       Елімізде соңғы 3 жыл ішінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшылары арасында жемқорлық қылмыстары үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталған. Осы уақыт ішінде жемқорлық қылмыстардан келген 17 миллиард теңге көлемінде залал толық өтелді.
       Жалпы облыс аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру мақсатында барлығы 1399 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында рухани-адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 284 мектепте «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылып, оған мүшелікке өткен оқушылар саны 9 395 адамға жетті.
        «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында мобильді топ жалпы саны 27 543 адамды қамтыған 325 кездесу ұйымдастырылып, 116 қоғамдық қабылдау өткізілді.  Қоғамдық көліктер мен халық көп шоғырланған орындарда 332 478 дана жемқорлыққа қарсы плакаттар ілініп, парақшалар таратылды.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу бойынша есепті кезеңінде 17 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорында   сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде, соңғы жылдары облыста жемқорлық сипатындағы қылмыстардың төмендеуі байқалуда.  
–    Өткен жыл қорытындысымен жемқорлық сипатындағы қылмыстар 16,6% азайып отыр. Жемқорлық қылмыстар бойынша 72 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыстардан келген залал сомасы 658 991,75 мың теңге болып, оның 625 574,4 мың теңгесі өндірілді,– деді департамент басшысы.
      Бүгін сондай-ақ, Агенттіктің ұйымдастыруымен республика бойынша бір уақытта барлық мемлекеттік органдарда, үкіметтік емес ұйымдарда және саяси партияларда, жеке мекемелерде осы Жолдаудың тоғызыншы бағытын түсіндіру бойынша үлкен акция өткізілді. Акцияға аймақтағы  мекемелер мен ұйымдар кеңінен қатысып, өзінің белсенділігін көрсетті.  

26 қаңтар 2018 ж. 693 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области