Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада алаяқ әйел 3 жыл бас бостандығынан айырылды

Қызылордада алаяқ әйел 3 жыл бас бостандығынан айырылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері әлі де азаяр емес.
Қызылорда қаласының тұрғыны 44 жастағы әйел алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін деген желеумен қала тұрғындарының қаражатын иемденген. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 230 000 теңгені құрайды.
Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары кепілдік кіріс уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді. Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал.
26 мамыр 2020 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области