Қызылордада ҚАЖД бастығы сотталғандарды қабылдады
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы сотталған азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші шетел азаматы мерзімімнен бұрын шартты түрде босатылған жағдайда, қазіргі карантин уақытында еліне жету жолын сұрады.
«Еліңізге жету бойынша, сізді Қызылорда облыстық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлеріне тапсырамыз. Одан әрі еліңізге жету мәселесімен көші-қон басқармасы айналысады», - деді департамент басшысы.
Келесі сұрақ карантин режимін қашан алынатындығын және жұмысқа шығу мәселесі тұрғысында болды. Бұл сұрақ бойынша департамент бастығы ҚР Бас мемлекеттік санитарының қаулысына сәйкес жүзеге асатындығын айтты.
Сонымен қатар қабылдау барысында жазасын өтеуші азаматтар сот үкімдеріне және жаза өтеу жағдайы тұрғысында жекелеген сұрақтарын қойды. Aзаматтарды мұқият тыңдаған департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы олардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.