10 маусым: атаулы күндер мен оқиғалар
1934 жылы Алматыда халық өнері өкілдерінің бірінші бүкілқазақстандық слеті басталды. Маусымның 15-іне дейін созылған слетке Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі секілді ақындар қатысты.
1969 жылы Қазақстандағы Жалаңашкөл, Тасты маңайындағы (бұрынғы Семей облысы) кеңес-қытай шекарасында қарулы қақтығыс болды.
1992 жылы қоғам қайраткері, журналист Зейнолла Көштайұлы Жарқынбаевқа Қызылорда қаласының «Құрметі азаматы» атағы берілді.
1996 жылы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды.
1998 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті.
1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының тұғшы Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды.
1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 10 маусым 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап елорда күні 6 шілдеде мерекеленеді.
2000 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музейі ашылды.
2003 жылы Астана - Бурабай бағытында жаңа «Оқжетпес» электр пойызы қатынай бастады.
2004 жылы - ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ресми ашылуы өтті.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуіріндегі № 461 қаулысымен құрылды. Басты мақсат - елорданың ақпараттық, білім беру және мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын одан әрі дамыту.
2014 жылы Берлинде Еуропадағы қазақтардың кіші құрылтайы өтті. Онда Ұлыбритания, Франция, Германия, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерланды, Түркиядан 350 этникалық диаспора өкілдері бас қосты.
2015 жылы Нұр-Сұлтанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өтті. Екі күнге жалғасқан келелі кеңес «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтті. Оның жұмысына 40 елден келген 80-нен астам делегация қатысты.
2016 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатыла бастады. Бірінші билетті Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны Олжас Оңалов онлайн сатып алды.
2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының ТОП-250 қатарына енді.