Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сұлутөбе ауылындағы «Көксу» каналын қазу мәселесі шешімін тапты

Сұлутөбе ауылындағы «Көксу» каналын қазу мәселесі шешімін тапты

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Көксу» каналын қазу мәселесіне қатысты ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Оспанов қатысты.
Осыған дейін де Сұлутөбе ауылдық округінде аудан әкімі мен ауыл тұрғындары арасында «Көксу» каналын қазу туралы кеңінен талқыланып, арнайы өткізілген жиында ауыл ақсақалдары бірауыздан келісім берген болатын. Оған себеп, соңғы жылдарда Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің азаюына байланысты және сағаның ұрма жерден салынуына байланысты «Көксу» каналының сағасындағы тоспаның алды қайырланып қалатындығы.
«Көксу» каналын қазуға байланысты бұл жолғы кездесуде арнайы мамандар жүргізген зерттеу нәтижесінде «Көксу» каналының сағасын жоғарыдан алып, сол сағаның ұрма жері Айдарлы жақтан келсе, «Көксу» жақ беті қайырланбайтыны белгілі болғандығы туралы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі жобалық-сметасы бойынша «Көксу» каналы 20 шақырым қазылу жоспарланған, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Сұлутөбе ауылдық округіндегі «Көксу» каналын механикаландырылған тазартуға 92,3 млн теңге қаржы қарастырылды.
11 маусым 2020 ж. 221 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области