Қызылордада өз-өзіне қол салмақ болған азаматша құтқарылды
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада кеше Сырдария өзенінің сол жағалауында белгісіз азаматшаның суға түсіп, оның қимылсыз жатқанын көргендер дереу көмекке ұмтылды.Оқиға Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өткізіліп жатқан рейдтік іс-шара барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы көпірдің арғы бет жағалауында орын алған.
Сол аралықта департаменттің қызметкері Бижігіт Бексұлтан мен ерікті Ақбаян Бүркітбай және сол жерде балық аулап отырған Дастан Қадыров суға түсуге тиым салынған жерде шомылып жүрген азаматшаны судан шығарды.
"Оқиға барысында азаматша өз-өзіне қол салатынын айтып қорқытып, құтқару жұмыстарына кедергі келтірген. Судан шығарылған азаматшаның қазіргі таңда жағдайы жақсы. Оның спирттік ішімдік ішкені анықталды",- делінген хабарламада.


























