Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру жалғасын табады

Қызылордада ауыл кәсіпкерлерін несиелендіру жалғасын табады

Kyzylorda-news.kz. 2014 жылдан бастап облыста «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы ауыл кәсіпкерлері үшін сенімді серіктеске айналды. Бүгінде орталықтың қызметі облыс әкімінің тікелей атсалысуымен оң шешіліп, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Яғни, облыс кәсіпкерлерінің, оның ішінде ауыл кәсіпкерлерінің бұрынғыдай тиімді шарттарда жобаларын несиелендіріп, іске асыру мүмкіндігі бар.
Айта кету керек, бизнеске жәрдем беру үшін Орталыққа 5 жыл ішінде әртүрлі көздерден шамамен 7 млрд. теңгеге жуық қаржы тартылып, микро және шағын кәсіпкерлердің 1700-ден аса жобасына несиелер берілді.
Сондай-ақ, орталықпен көрсетілген қаржылай қолдау шарасы 2 мыңнан аса жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына септігін тигізді.
Орталық арқылы несиелендірілген жобалардың жартысынан астамы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиесілі. Яғни, орталық бұл бағдарламаның несиелендіру саясатын жүргізетін белсенді қатысушалырының бірі болып табылады.
Қазіргі таңда «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына бизнесті несиелендіру саясатын жалғастыру үшін әртүрлі көздерден, оның ішінде бюджеттен қаржы тарту мүмкіндіктері қарастырылуда.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС орналасқан мекенжайы - Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі №123 ғимарат, 3-қабат.
24 шілде 2020 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области