Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерге айыппұл салынды

Қазалыда карантин талаптарын сақтамаған кәсіпкерге айыппұл салынды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында індеттің алдын алу, таратпау мақсатындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ күнделікті рейд жұмыстарын жүргізуде.
Рейд барысында кәсіпкерлік нысандар оның ішінде дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауы, жұмыс уақыттары тексеріліп, саудагерлер мен тұрғындарға қоғамдық орындарда коронавирус инфекциясын жұқтырмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес беруде.
Апта басында жүргізілген рейд жұмыстары кезінде 1 қоғамдық тамақтану орнында қызмет көрсетуші персоналдың медициналық маскасыз және арнайы қолғапсыз қызмет көрсеткені анықталды. Карантин кезіндегі талаптарды сақтамаған қызметкерге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қос азаматқа тиісті заңдылықтарға сәйкес 30 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, 2 қоғамдық тамақтану орнына кемшіліктерді жою жөнінде ескерту жасалды.

30 шілде 2020 ж. 211 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области