Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия кезекті отырысы өткізілді.

Отырыста Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев пен Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бағдат Данилов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында биылғы жылдың 7 ай қорытындысын баяндады.

Отырыста сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, лауазымды қызметкерлердің қызметтiк өкiлеттiктерiн асыра пайдалану, кәсіпкерлік субъектілерге артықшылықтар көрсетуге жол бермеу қажеттілігі айтылды.

«Мемлекет басшысының төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша арнайы кеңес өткізілді. Президент жемқорлықты жою бойынша нақты міндеттерді белгіледі. Осыған сәйкес барлық мемлекеттік орган басшылары бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, белсенділік танытуы қажет. Қызметімізде, қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруымыз қажет», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сала басшыларының баяндамларынан кейін сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс іс-әрекеттерді алдын алу мақсатында қызметкерлермен жекелеген профилактикалық жұмыстарды жүргізуді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, басым бағыттарды айқындауды тапсырды. Сондай-ақ, жаңадан тағайындалған, тәжірибесі жеткіліксіз қызметкерлердің біліктілік деңгейлерін арттыру бағытында шараларды қабылдауды, қызметшілердің қызметтен тыс жеке тұлғалармен, кәсіпкерлік субъектілерімен ретсіз қарым-қатынастарын болдырмауға бағытталған қосымша шаралар ұйымдастыруды қаперге салды. Отырыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында арнайы мониторингтік топтың 7 ай нәтижесіндегі қорытындысы тыңдалып, мониторингтік топтың төрайымы Ляззат Бақтыбаева баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында мониторингтік топ өкілдері 14 ұсыным енгізген. Оның қазір 7-і орындалып, қалғаны орындалу үстінде. Сонымен бірге мониторингтік топ бірқатар бағыттарға жұмысшы топтармен бірге зерделенген жұмыстарды таразылап, ұсыныстарды ортаға салды.

Аймақ басшысы жиында көзделген мәселелерді тыңдай келе Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне қалалық және аудандық әкімдік жанындағы арнайы мониторингтік топтардың жұмысын үйлестіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы шаралар күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге арнайы мониторингтік тобымен атқарылған жұмыстары департаменттің ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желіде кеңінен ақпараттандыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сыртқы талдау нәтижесінде көзделген ұсыныстар мемлекеттік органдармен орындалып, арнайы мониторингтік топқа жолдануын бақылауды міндеттеді.

20 тамыз 2020 ж. 255 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области