Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Украинадан гуманитарлық көмек келді

Қызылорда: Украинадан гуманитарлық көмек келді

Kyzylorda-news.kz. Украинадан Сыр Еліне гуманитарлық көмек келді.
Қызылорда облысындағы «Kusto Group» компаниясы Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы аймаққа дәрі-дәрмек қорын жеткізді.
Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекмелеріне қажетті 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісі мен 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісі әкелінген.
Бұл дәрі-дәрмек қоры облыстағы сұраныс білдірген барлық емдеу ұйымдарына таратылды.

Атап айтар болсақ, 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісінің барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілсе, сонымен қатар 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісінің 350-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 360-ы Арал ауданаралық ауруханасына, Қазалы ауданаралық ауруханасына 360 қорап, Қармақшы аудандық ауруханасына 360, Сырдария аудандық ауруханасына 360, Жалағаш аудандық ауруханасына 360, Шиелі ауданаралық ауруханасына 360, Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 360, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына 360 қорап таратылды.
Осы орайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмек қорын жеткізген «Kusto Group» компаниясына алғыс білдіреді.
25 тамыз 2020 ж. 107 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области