Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 10 үздік ұстаз ерекше төсбелгімен марапатталады

Қызылордада 10 үздік ұстаз ерекше төсбелгімен марапатталады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ұстаздардың кәсіби қызметі мен мәртебесін арттыру бағытында 10 үздік ұстазға ерекше төсбелгі, 10 ұстазға бір реттік қаржылай сыйақы 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілетін болады.
Төсбелгі білім беру саласына айрықша еңбегі сіңген, республикалық конкурстардың жеңімпазы атанып, озат шәкірттер тәрбиелеген, жетістікке жеткен ұстаз иемдене алады. Білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі болуы шарт.
«Конкурс ашық түрде ұйымдастырылады. Арнайы комиссия құрамы бекітіледі. Комиссия құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен журналистер, арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысады. Байқау 3 кезеңнен тұрады. Бірінші – мектеп ішіндегі педагогикалық кеңестің шешімін алады. Екінші кезекте – аудандық немесе қалалық білім бөлімінің комиссиянан өтеді. Үшінші кезең – білім басқармасы арқылы іріктеуге алынады. Яғни қажетті құжаттарды ұсыну қажет. Ең үздік деп танылған ұстаз жыл қорытындысы негізінде облыс әкімінің арнайы қатысуымен өтетін жиында марапатталады», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
08 желтоқсан 2020 ж. 190 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области