Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрлыбек Нәлібаев: «Жастар театры» – тарлан тұлғалардың лайықты жалғасы

Нұрлыбек Нәлібаев: «Жастар театры» – тарлан тұлғалардың лайықты жалғасы

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы қала әкімі «Жастар театрының» халықаралық байқау қорытындысы бойынша марапатталу салтанатында айтты.
Ағымдағы жылы халықаралық театр фестивалінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Оңталап Нұрмахановтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» трагифарсын тамашалаған өнер ұжымы 1 млн.теңгенің грант сертификатын жеңіп алып, ең жоғарғы І дәрежелі дипломға ие болған болатын.
«Жастар театры» 2016 жылы қала әкімдігінің қолдауымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған. Құрылған 4 жыл ішінде репертуары бірнеше қойылыммен толығып, өскелең ұрпаққа киелі сахна өнерін дәріптеп, талантты жастар өнер сахнасында шыңдалып келеді. Жас театр аз уақытта түрлі деңгейдегі байқауларға, фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген шығармашыл ұжымға айналды.
Қала әкімі қазақ өнерінің көшін жалғап, өнердің киесін сақтап, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлы өнерді насихаттап жүрген театр ұжымына аймақтың мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, алдағы шығармашылық жолдарына табыс тіледі. Сонымен қатар, алдағы жылы театрдың 5 жылдығы кең көлемде аталып өтіп, «Жастар театры» жеке мекеме ретінде құрылатынын айтты.
Шара соңында өнер ұжымы Халықаралық театр фестивалінің ең жоғарғы І дәрежелі дипломымен марапатталып, арнайы сертификаттар мен медальдарға ие болды.
14 желтоқсан 2020 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области