Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ардагерлер кезекшілікке түскен полицейлерді құттықтады

Ардагерлер кезекшілікке түскен полицейлерді құттықтады

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Жаңа жылдың басты кейіпкері Аяз Ата мен Ақшақардың киімін киген ішкі істер органдарының ардагерлері Жаңа жыл мерекесінің тыныштығын күзеткен әріптестерін құттықтады.

Мереке күндері Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметі күшейтілген режимге көшетіні белгілі. Олар тәулік бойы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Жаңа жылды жұмыс орнында өткізетін полицейлерге үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі.

Аяз Ата мен Ақшақар түнгі кезекшілікке түскен қызметкерлерді құттықтап, адал қызметтері үшін алғыстарын білдіріп, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қиын істеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар, белсенді ардагерлер отбасынан жырақта, күшейтілген тәртіппен, халқының амандығын тілеп, кірпік қақпай қызмет орнында отырған бұл қызметкерлердің балаларына әзірлеген сыйлықтарын жіберді.

Қазыналы қартын сыйлаған ұлттың ұрпағы тәлімі мол өнеге алып келеді. «Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» көрсету мақсатында бұл шара шеңберінде ішкі істер органдарының ардагерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, олардың өсіп өндіріп, тәрбиелеп отырған немерелеріне жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, қуаныш сыйлады.

Мәселен, Ардагерлер Кеңесі 30 жылдай еңбек өтілі бар ішкі істер органдарының ардагері Төлеш Әлиевті құттықтады. Еліміздің полициясының қалыптасуына елеулі үлес қосқан Әлиев Төлеш ағамыздың еңбегі ерекше. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қол қусырып отырмай, ол ұзақ уақыт жас тəртіп сақшыларына өз тəжірибесімен бөлісіп, əдістемелік көмегін аямады.

Қызметін Қызылорда облысы ішкі істер басқармасының № 10 түзеу-еңбек колониясының инженері лауазымынан бастаған Әлиев Төлеш 1988 жылдың шілде айында милиция подполковнигі атағында зейнеткерлікке шыққан.

Сонымен қатар, әйелі қайтыс болғаннан кейін бес баласына өзі әке де ана да болып, тәрбиелеп отырған зейнеткер Болатбек Иманбаевтың отбасына ақшалай көмек берілді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы полиция полковнигі Серік Тұңғышбай бұл отбасының балаларына жаңа жылдық сыйлықтарды табыстай отырып, оларға ақ батасын берді.

Жалпы ардагерлер кеңесі департамент басшыларының тікелей қолдауымен көптеген игілікті шараларға мұрындық болып жүр. Ұйымдастырылған түрлі акциялар шеңберінде ішкі істер органдарының ардагерлеріне үнемі қол ұшын беріп, қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына материалдық тұрғыдан көмек көрсетіп келеді.

Қиын кезеңде өз бастарын қатерге тігіп, қызмет атқарып жүрген полицейлерге бағыт – бағдар беріп, оларлы қолдап, кейінгі ұрпаққа татулық, адамгершілік қасиеттерін ұялатып, тәрбиеге бағыттайтын ардагерлердің мұндай игі шаралары алдағы уақытта әлі де жалғасын таппақ.
28 желтоқсан 2020 ж. 405 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области