Қызылордада білім беру ұйымдары вертикалды басқару жүйесіне көшірілді

Жалпы аймақта 301 мектеп бар. Оның 293-і мемлекеттік болса, 8-і жеке. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымының саны – 665. Оның 161-ы мемлекеттік, 414 жеке, 90 шағын орталық.
«Вертикалды басқару жүйесіне өтуге байланысты білім ұйымдарындағы есеп және жоспарлау бөлімдерін автоматтандыру жұмыстары жүргізілді. Барлық білім ұйымдары аталған бағдарламаны мемлекеттік сатып алу жоспарларына енгізіп, келісім-шартқа отырды», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.
Ақылы түрде өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өңірден 5832-і оқушы қатысты. Сынақ сегіз тестілеу пунктінде өткізілді. ҰБТ қорытындысы бойынша 409 оқушы 100 баллдан жоғары жинаса, 815-і шекті ұпайды жинай алмаған. Ең жоғарғы ұпайды Қазалы ауданының түлегі жинады. Бұл сынақ нәтижесі тек ақылы ұлттық тестке ғана жарамды.