Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданында той жасаған тұрғындар жазаланды

Қазалы ауданында той жасаған тұрғындар жазаланды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне қарамастан, көпшілік жиналатан той-жиындар өткізушілердің қатары азаяр емес.

Жұқпалы індеттің адам өміріне төндіретін қаупі туралы теледидардан да, баспасөз беттерінде де күн сайын көрсетіліп, жазылып та жатыр. Тіпті аудан көлемінде вирус жұқтырғандардың саны күн сайын өсіп жатқаны туралы ақпарат та біздің жерлестерімізді ойландырмауда.

Жақында мониторингтік топ мүшелері жүргізген рейд барысында карантин режимін бұзу фактісі анықталды. Атап айтар болсақ, Әйтеке би кентінде 2 тұрғын өз ауласында той жасап, көпшіліктің жиналуына себепші болған. Осыған орай Т.Бөріқұлақов пен Ә.Тыныбаев көшелерінде той жасаған тұрғындарға заңдылыққа сәйкес айыппұл салынды.

Айта кетейік, дәл осындай тексеру шаралары ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін күн сайын жалғасады.
18 сәуір 2021 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области