Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 5 адам мінген көлік каналға құлап, бір адам көз жұмды

Қызылордада 5 адам мінген көлік каналға құлап, бір адам көз жұмды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бес адам мінген көлік каналға құлап, бір адам көз жұмды. Бұл туралы Қызылорда облыстық облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.

Оқиға 17 мамырда таңғы сағат 04.50 шамасында орын алған. Бес адам мінген «Skoda» көлігі «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы каналға құлап кеткен.

«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түскен аталған шақырту бойынша оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Автокөлік ішінде жүргізушіден бөлек, 4 жолаушы болғаны анықталды. Олар жедел жәрдем қызметі арқылы дәрігер қарауына жөнелтілді. Олардың денсаулығы қалыпты. Дәрігерлер тексеруінен өтті. Оқиға орнында 1961 жылы туған жолаушы көз жұмғаны белгілі болды. Құтқарушылар оның жансыз денесі мен автокөлікті сыртқа шығарып алды», – деп мәлімдеді облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі.
17 мамыр 2021 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области