Асхат Аймағамбетов: 1 қыркүйекте дәретханасы далада орналасқан мектеп болмауы тиіс

«Әрине, жылы дәретханаларға қатысты көп мәселе болды, әлі де қалып отыр. Президент тапсырмасы бар екендігін білесіздер. Осыдан 1 жыл бұрын ған елімізде далада орналасқан 1 700 дәретхана болған еді. Бір жылдың ішінде 1 600 жылы дәретхана салынды. Жергілікті атқарушы органдар үлкен жұмыс жүргізді», – деді Асхат Аймағамбетов.
Дегенмен, ол әлі де болса 100 мектептің дәретханасына қатысты проблема қалып отырғандығын айтты.
«Қазір құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз таяу уақытта, ары кеткенде 1 қыркүйекте бұл тапсырман толық шешу тапсырмасын шештік. Таяуда ғана бұл мәселені ҚР Үкімет жанында жұмыс істейтін Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қарадық», – деді министр.