Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әкімдіктен үміткер: Ауылды қолдайтын кез келді

Әкімдіктен үміткер: Ауылды қолдайтын кез келді

Kyzylorda-news.kz. Ауыл әкімдерінің сайлауына «Ауыл» партиясынан ұсынылған үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарымен ауылдарды аралап, бағдарламаларымен таныстырып жатыр. Солардың бірі Серік Сейдуалиев Жаңақорған ауданы, Манап ауылдық округі әкіміне үміткер.

Кандидаттар бағдарламаларының негізгі бөлігі «Ауыл» партиясының платформасы мен Жарғысына сәйкес келеді. Олар – ауыл инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік мәселелер, жұмыссыздықпен күрес, агроөнеркәсіпті дамыту, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету сынды кезек күттірмейтін проблемаларды шешу бағдарламаларының негізгі бағыты.

«Ауылдың азаматы деген абыройлы атқа лайықты болу үшін ауылда туып-өсіп, оның тұрмыс тіршілігін түсініп, адал еңбекті қадірлей білу қажет. Туған өлкенің экономикасын дамытып, әлеуметтің қажеттілігін өтеу ауыл азаматының қолынан келетін іс. Ендеше ауыл әкімінің сайлауына келіп, нағыз ауылдың азаматына дауыс беріңіз. Ауылды қолдайтын кез келді», – дейді Серік Сейдуалиев.
21 шілде 2021 ж. 186 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области