Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қуаңдария ауылында 100 орындық клуб құрылысы басталады

Қуаңдария ауылында 100 орындық клуб құрылысы басталады

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылдық округінен 100 орындық ауылдық клуб құрылысы басталады. Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай мәлімдеді.

Жүз шайыр шыққан Қармақшы өңірі биыл ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі болған жыраулық дәстүрді дәріптеп, жыраулар тұлғасын таныта түсуге күш салмақ. Мәселен осы мақсатта жырау Көшеней Рүстембековтің 75 жылдығына орай республикалық деңгейде спектакль-концерт өткізу жоспарлануда.

Брифингте республикалық және облыстық деңгейде бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз деген аудан басшысы «Мәңгілік сарын – Қорқыт ата мұрасы» қылқобызшылар фестивалін өткізу де жыл жоспарына енгендігін атап өтті.

«Жырау Базар Оңдасұлының 185 жылдығында «Жамиғы қазақ бір туған» тақырыбында дастан жырлаушылардың облыстық жыр фестивалі ұйымдастырылмақ. Мәдениет саласын қолдау бағытында ағымдағы жылы Қуаңдария ауылдық округінен 100 орындық ауылдық клуб құрылысы басталады», – деді Қайрат Ырзақұлұлы.
25 тамыз 2021 ж. 222 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области