Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда экологиялық ережені бұзатындар қылмыстық жауапқа тартылады

Қазақстанда экологиялық ережені бұзатындар қылмыстық жауапқа тартылады

Kyzylorda-news.kz. Елімізде ұлттық парк аумақтарында экологиялық ережені бұзатындарға қолданылатын жаза күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экология министрлігі осы орайда заң жобасын әзірледі. Заң жобасында ерекше қорғалатын аумақтарда режимді бұзу және ұлттық парктерде туристік-рекреациялық қызметті іске асыру нормаларын бұзғаны үшін заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған. Бүгінде ондай талап қойылмаған. Оған қоса, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға қатысты әкімшілік жауапкершілік те күшейтілмек. Жалпы биылғы жылдың 9 айында ерекше қорғалатын ұлттық парктерде 1800-ден астам тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде санитарлық талаптарды бұзудың 118 дерегі анықталды.

Еске сала кетейік, елімізде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 13 ұлттық парк, 6 мемлекеттік табиғи резерват бар. Бүгінде ұлттық парктерде экологиялық туризмді дамытудың концепциялары жасалған.

«Іле Алатау ұлттық паркінде жұмыс 40-45 процентке іске асырылды. Ал Көлсай көлдері, Шарын ұлттық паркінде ондай жұмыстар биыл басталды. Оны процентпен есептеген жоқпыз, бірақ қазіргі уақытта саяхатшылар абаттандыру жұмысын көріп жатыр. Басқа да ұлттық парктер бойынша концепция әзірленуде», – дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев.
02 қараша 2021 ж. 102 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области